Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының алты ауданының шаруа қожалықтары өкілдеріне жаңа техникалар берілді

Екі ЖШС, бір өндірістік кооператив пен 30 шаруа қожалығының өкілдері МТЗ-82 маркалы 5, МТЗ-80 маркалы 36 тракторға ие болды. Бұған дейін олар 11 "Енисей" комбайнын алған.

Ауылшаруашылығының тауар өндірушілері бұл техниканы 10 процент құнын төлей отырып лизингіге алды. Қалған 93,96 млн. теңгені олар жеті жылда төлеп бітіреді.
Ауылшаруашылық техникаларын лизинг негізінде сатып алу туралы құжаттарды "Қазагрофинанс" АҚ рәсімдеді. Биыл кәсіпорын жалпы қаржыландыру, несие және лизинг мақсаттарына 364 млн. теңге жұмсады. 2003-жылы лизинг бойынша техника сатып алуға 73,5 млн. теңге бөлінген.