Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының ҰҚКД қызметкерлері заңсыз ойынхананы анықтады

"ҰҚК департаменті алған шұғыл мәліметтер бойынша облыс орталығында орналасқан "Шымкент" қонақ үйінде "VICTORIA GR" ЖШС тиесілі "Бинго" ойын орталығының аумағында қазіргі заңды бұза отырып, ойынхана жұмыс істеген. Онда ойын ставкалары үнемі қабылданып отырған", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.