Шымкентте оқ тиген бір жасөспірім қаза тапты- нақтыланған нұсқа

Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, басынан оқ тиіп жараланған жасөспірім тамыздың 7-сінен 8-іне қараған түні №34 мектептің ауласынан табылған. Ол жәдел жәрдем көлігі келмей жан тапсырды.

Қазір қарудың түрін анықтау үшін баллистикалық сараптама жүргізілуде. Жәбірленуші жасөспірімдердің қылмыстық топтары арасындағы кикілжіңнің құрбаны болған-ау деген жорамал айтылуда.
Жасөспірім биыл 9-сынып бітіріп, оқуын кәсіптік техникалық мектепте жалғастыруға ниет етіп жүрген. Тәртіп сақшылары бұл - биылғы осындай алғашқы оқиға деп отыр.