Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім дене шынықтыру сабағында көз жұмды, - деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Шымкент Білім басқармасы мәліметінше, 11 қаңтарда №48 орта мектепте дене шынықтыру сабағында сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған.

"Мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші арнайы жедел жәрдемді шақырды. Алайда жедел медициналық жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, ол қайтыс болды. Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр", - деді Шымкент Білім басқармасының баспасөз қызметі.