Зияткерлік мектебінің тәлімгерлері 300-ге жуық ашықхатты өз қолымен жасаған. Түрлі-түсті қағаздардан қиып, ішіне Елбасының сөздеріне сүйеніп өлең жазыпты. Оқушылардан ойламаған жерден сый алған шымкенттіктер де мәз-мейрам. Тұңғыш Президент мектебінің оқушылары бұл мейрамды апта бойы тойлап жүрміз дейді. Бір жетінің ішінде жетімдер үйіне, қарттар үйіне түрлі сый-сияпат жасапты. Бүгінгі шараға да бір топ жетім балалармен шықты. Іс-шарадан соң ары қарай ата-анасыз қалған балаларды көңіл көтеру орталықтарына серуендеуге шақырды.
Палуан Римов, Назарбаев мектебінің 11сынып оқушысы:
-Осы мерекені бүкіл Шымкент қаласының тұрғындарына көрсетіп, олармен бірге тойлап, мерекелік көңіл-күй берудегі біздің мақсатымыз бар. Яғни, балаларды өзіміздің мектебімізге әкеліп, оларға мектебімізде экскурсия өткізіп, көптеген іс-шаралар жасап жатырмыз.