Шымкентте осыдан бір ай бұрын жоғалып кеткен жеткіншек қыз табылды

Естеріңізге салайық, Аида Абдусаматова биыл 13 қыркүйек күні Шымкенттегі "Алаш" базарына әпкесімен барып, сол жерде жоғалып кеткен болатын. Әпкесінің айтуынша, олар Сарыағаш ауданында тұрады. Керек-жарақтарын алу үшін облыс орталығына келіп, базар аралаған екен. "Қазір келемін" деп кеткен сіңлісін бірнеше сағат күтіп, келмеген соң ол полиция қызметкерлеріне арызданыпты.

Тәртіп сақшылары жеткіншек қызды 1 айға жуық уақыт іздеуден кейін тапқан. Қазір ол туған-туыстарына қайтарылды дейді ОҚО ІІД өкілдері. Алайда, Аиданың осы уақыт аралығында қайда болғаны, әпкесін тастап не үшін кетіп қалғаны айтылмауда.