Шымкентте өткен бос орындар жәрмеңкесінде 400-ден астам адам жұмысқа орналасты

456 шымкенттік жұмысқа тұруға жолдама алды. Олардың 285-і түрлі мекемелердің мамандары болып орналасса, қалғандары сынақ мерзімінен өтеді.

«Шымкентте медицина мамандары сұранысқа ие. Дәрігерлер мен фармацевтер. Мейірбикелер тапшы», - деді Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығы директорының м.а. Марат Әбілқайыров.

Жұмыспен қамту орталғында атап өткендей, қалаға техникалық мамандар, әсіресе инженер-бұрғылаушылар қажет. Айта кететін жайт, бос орындар жәрмеңкесінде жұмыспен қамтушылар 1300 жұмыс орнын ұсынды. Экономист пен заңгерлер  мүлде сұраныста болмады.