Caravan Logo

Шымкентте өткен той атыспен аяқталды

Шымкентте өткен той атыспен аяқталды

Оқиға қарашаның 14-інен 15-іне қараған түні болған. Тойға келген қонақтардың бірі С. есімді азаматқа травматикалық қару кезеп, маңдайы мен қарнын жарақаттаса, екінші бірі кеудесіне пышақ жарақатын салған.

Төбелестен кейін олар Mazda автокөлігімен қашып кеткен. Көп ұзамай полицейлер күдіктілерді қолға түсірген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жарақат алған азамат қалалық ауруханада жатыр.