Шымкентте отқа оранған көлікті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар сөндірді


Қала тұрғындары өрт сөндірушілерді күтпестен, өртті сөндіруге кірісіп кетті.

Қара джип 7 тамыз күні Байтұрсынов көшесінде кешкі сағат тоғыздар шамасында отқа оранды.

Автокөлік «Баян-Сұлу» дүкеніне қарама-қарсы көлік тұрағында тұрған. Көлік капотынан түтін шығып жатқанын байқаған сауда орталығының күзетшісі дереу оның иесін іздеуге кірісті. Автокөлік иесі әйел адам болып шықты, өрт шыққан кезде ол дүкенде болған. Өтіп бара жатқан жолаушылар көліктің тұтастай өртеніп кетуіне жол бермеді. Тілсіз жау санаулы минуттардың ішінде ауыздықталды.