Шымкентте өз әріптесін өлтірді деген күдікпен өрт сөндіруші қамауға алынды

"14-інен 15-іне қараған түні Шымкенттің №1 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру қызметінің 23 жастағы қызметкерінің өлі денесі табылды. Оның жүрек тұсынан пышақ іздері табылды", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, күдікті алғашында оқиға орнынан жасырынған. Алайда, кейіннен қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.