Шымкентте өз-өзін өлтірмек болған тұрғынды көршілері тоқтатты

Бұл видео Youtube-тегі NewTimes kz аккаунтына жарияланған деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. 

Бейнежазбада бір ер адам: "Ақымақ болма. Таста. Өтінемін, Федя. Мен көршіңімін ғой. Пышақты тасташы" дейді. Бір қызығы, осы сәтте сол жерде болған полиция қызметкері ешқандай әрекет жасамай, тек телефонмен сөйлесіп тұрады. Ол суицид жасамақ болған адамды көршілері райынан қайтарып, әлгі азамат пышағын тастаған кезде ғана іске кіріседі.