Шымкентте пара алуға күдікті ретінде облыстық құрылыс департаментінің директоры тұтқындалды

"ОҚО құрылыс департаментінің директоры кәсіпкерді мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілетін тендерде жеңімпаз деп тану үшін одан 2 млн теңге сұраған", - деп хабарлады Ж. Мамытова.

Баспасөз хатшысының ақпаратына сүйенсек, 53 жастағы департамент директоры өзінің қызметтік кабинетінде 2 млн теңге көлеміндегі ақша алу кезінде қолға түскен.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 311 бабы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.