Шымкентте пәтер өртеніп, 10 жасар бала ыстан уланып қайтыс болды

Қайғылы жағдай 3 қазан күні кешке орын алған. Полицейлерге баланың қайтыс болғанын жедел жәрдемнің қызметкерлері хабарлапты. Кейін тексеру барысында белгілі болғаны, өрт шыққан кезде үйде 10 жасар жеткіншек жалғыз болған. Көршілері өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырғанымен, баланың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Ол ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 105 бабымен «Өзін өзі өлтіруге жеткізу» тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.