Шымкентте пәтерлердің бағасы бірнеше миллионға арзандап кетті

Қазан айында Шымкенттің тұрғын үй нарығында пәтер бағасы 2 пайызға арзандап, бір шаршы метрі үшін 211 900 теңгені құраған. Бұл қыркүйек айымен салыстырғанда 4 400 теңгеге арзан.

Портал сарапшыларының айтуынша, мұндай баға құлдырауы тек оңтүстікте емес, еліміздің өзге де аймақтарында көрініс беріпті. Бұл көрініс ақпан мен наурыз айларынан басталған. Бағаның төмендеуі ең алдымен нарықты долларсыздандыру саясатынан кейін орын алып отыр.

Мамандар Алматы мен Астанада да үй бағасының арзандағанын айтып отыр, бірақ Шымкенттегідей емес. Мәселен, Алматыда жыл басынан бері пәтер бағасы шамамен 5 пайызға төмендеген.