Шымкентте полицейдің кесірінен 50 жастағы әйел қаза тапты

Полицейдің Мерседесі де, ол соқтыққан Жигули де жөндеуге жарамсыз боп қалды. Апатқа кінәлі - 24 жастағы Қаратау аудандық полиция бөлімінің лейтенанты оқиға орнынан із суытып үлгерген. Ал, апаттан зардап шеккен ресейлік көліктегі 50 жастағы әйел сол жерде тіл тартпай кетсе, жүргізушісі ауыр хәлде жатыр. Оқиға орнынан қашып кеткен лейтенант көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Учаскелік полицей енді 2 бірдей бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылатын болады.

Loading...