Осыдан бірнеше күн бұрын "Женя" атты кафеде достарымен бірге университет дипломын жуып жүрген жасөспірім кісі қолынан қаза тапқан.
Дәл сол сәтте кафеде полиция қызметкерлері де отырады. Жастардың әсіре айқай-шуға басуы полиция қызметкерлеріне ұнамай, араларында дау-дамай туып, оның соңы төбелеске ұласады. Төбелес барысында Шымкент полициясының 3-бөлімінің майоры түлектердің бірін соққыға жығады. Таяқ жеген жас жігіт миына қан шауып қайтыс болады.
Осыған байланысты майор тұтқынға алынып, уақытша тергеу қапасына тоғытылды.
Шымкентте полиция майорына ойламаған жерден адам өлтірді деген айып тағылды
