Шымкентте полиция құрылымы күшейтіледі - ҚР ІІМ вице-министрі

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағанындай, А. Шпекбаев, "Бүгінгі күні қоғамдық жерлер мен көшелерде азаматтармен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға әсіресе үлкен назар аудару керек", деп атап өтті.

А. Шпекбаевтың пікірінше, бұл мақсатты орындау үшін Шымкенттің полиция құрылымын күшейту керек.

"жыл сайын облыс орталығы тұрғындарының саны өсуде. Қала әкімдігінің мәліметтері бойынша, бүгінде 724 мың адам тіркелген. Ал шегара жақындығы мен адамдардың көші- қонын ескеретін болсақ, ресми емес деректер бойынша адамдар саны миллиоға дейін жетіп қалады. Осы мәселеге орай, кезекші патрульдік полиция батальенына қосымша қызметкерлер штатын қосып, оны полкке ауыстыру керек", - деді ҚР ІІМ вице-министрі.

Сонымен қатар, А. Шпекбаев атап өткеніндей, "ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын күшейтіп, шұғыл бөлімшелердің жұмысына инновациялық технологияларды енгізу мәселесіне назар аудару керек".

Жиналыста ОҚО ІІД бастығы Хибратулла Досқалиев есептік баяндамасын жасады. Ол облыста жалпы шұғыл жағдайдың жақсарғанын атап өтті.

"Криминалдық полиция жүйесі бойынша қылмыстар саны азайды. Олардың саны 2006 жылы 7891 құраса, 2007жылы 9,8% төмендеп, 7116 қылмыс тіркелді. Соның ішінде аса ауыр қылмыстар саны 2,8%, ауыр қылмыстар 11,7%, қарақшылық шабуылдар 19,3%, бұзақылық 2,8%, алаяқтық 25,4%, мүлікті тонау 10,1%, мал барымтасы 9,3%, пәтер тонауы 14,9% азайды".

Генерал Досқалиев атап өткеніндей, облыста сонымен бірге қастандықпен өлтірушілік қылмыстар саны 15,3%, денеге ауыр жарақат келтіру 1,6%, зорлық жасау 15,4% және тонау 7% көтерілді.

ОҚО ІІД бастығы хабарлағанындай, облыста жол көлік апаттар саны 20,8% ұлғайып, қаза болғандар қатары 18% , ал жарақат алғандар саны 19% артты. Х. Досқалиев атап өткеніндей, "ОҚО полиция қызметкерлері үшін, аймақтағы жол магистральдерінде тәртіпті орнату аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады ".