Шымкентте полицияның қатарынан екі қызметкері героин сату үстінде қолға түсті

"Бұлар бар болғаны екі жыл жұмыс істеген жас лейтенанттар. Олардың бірі - шұғыл уәкілетті, ал екіншісі - Шұғыл басқару орталығында жұмыс істеген. Оларды героин сатып жатқан жерлерінде тұтқындады", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі подполковник Салтанат Қаракөзова.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта тұтқындалғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер облыстық ҰҚК департаментінің тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.