Шымкентте полицияның үш қызметкері отырған көлік қоршауға кіріп кеткен

Жол-патруль көлігі үлкен жылдамдықпен қаладан шыға беріс жерде қоршауға кіріп кеткен, деп хабарлады сәрсенбіде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Олар әр түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізіліпті.

"Екеуі ауруханадан шығарылды, үшіншісі әлі ем алуда, жағдайы тұрақты", деді баспасөз қызметінен.