Шымкентте қаладағы қоқыс орнын тазалап, ол жерді гүлдендіру жоспарлануда

"Келесі жылдың бірінші жарты жылдығының аяғында қаладағы қоқыс орны тазаланып, жабылады",- деді Нұрғали Әшімов. Ол сондай-ақ бұл жерде ағаштар отырғызылып, жаңа дендропарк ашылатындығын атап өтті.

Нұрғали Әшімов сондай-ақ облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығына қоқыс төгетін жердегі барлық өрт ошақтарының сөндірілуін қадағалауды тапсырды, одан шыққан түтін қаланың ауа қабатын ластап отыр.

Сонымен қатар, кеше "Спецавтотранспорт" ЖШС бастығы мұнда экологтардың қадағалауымен тәулік бойы жұмыс істейтін өрт сөндіру техникасының кезекшілігін ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта қаладағы қоқыс төгетін орын "Спецавтотранспорт" ЖШС үкіметтен жалға алып отырған 20 гектар жерді алып жатыр. Мұнда қоқыстар ешқандай жаратусыз жинақталуда.

Нұрғали Әшімов, Шымкентте қоқыстың орнына "Тазалық-21" компаниясының қоқыс өңдеу зауыты жұмыс істейтіндігін, ол үшін құны 7 млн АҚШ доллары тұратын құрал-жабдықтар әкелініп қойғандығын мәлім етті.

Сонымен қатар, облыс әкімінің ақпараттарына сүйенсек, оңтүстік-кореялық "Поско" фирмасы Шымкентке кішкентай ЖЭО мен тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарынан құрылыс блоктарын шығаратын кешеннен құралған қоқыс өңдеу зауытын әкелуді жоспарлап отыр. Жобаның құны 13 млн АҚШ долларын құрайды.

Бұл нысандар келесі жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті