Шымкентте қаланың әкімі тағайындалды деп жалған ақпарат таратқандарға іздеу жарияланды

"Әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда Шымкентке жаңа әкім тағайындалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ресми ақпаратты Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратады", - дейді облыс әкімдігінің өкілдері.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, қазіргі таңда жалған ақпаратты таратқандарға іздеу жарияланған. Олар заң аясында тиісті жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.

Еске салайық, кеше Шымкент қаласын басқарып келген Ғабидолла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясына хатшы болып тағайындалған еді. Сол уақыттан бері қала тұрғындары әкімсіз отыр.