Ресми мекемелерге Шымкент қалалық №3 дәрігерлік амбулаторияның бас есепшісі бюджет қаржысын қымқырғаны туралы ақпарат келіп түскен. Тексеру нәтижесінде 3 млн. теңгенің ұрланғаны анықталды. Алайда, Шымкент қалалық қаржы бөлімінің ревизоры кеміген қаржыны жасырып қалу үшін 20 мың теңге мөлшерінде пара талап еткен.
Шұғыл шаралардың нәтижесінде ревизор ұсталып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "Пара алу жөніндегі" 311-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті