Кеше Әл-Фараби алаңында орнатылған жаңа жылдық шыршаны қатты жел еңкейтіп кеткен.
Шыршаны құрастырып, безендірген "Аль" фирмасының қызметкерлері бұл жайтқа таң қалысты. "Шыршаның бұтақтарын бекітетін тұғыры өте берік болатын, одан берігін табу мүмкін емес, мұндай боларын кім ойлаған", -дейді фирма қызметкері.
Жұмысшылар шыршаны қайта бұзып, тұғырын түзету үшін алып кетті.
"Аль" фирмасы өкілінің айтуынша, ақау жойыла сала шырша алаңдағы орнына қайта жайғасады, бұл іске күн райы да бөгет бола алмайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биіктігі 20 метрлік жасанды шыршаны Шымкент әкімшілігі осыдан 3 жыл бұрын сатып алған.