Бұл туралы Отырар ТВ хабарлады.
Оның авторы -анимациялық режиссер Нұриддин Патеев экранға шығатын Қамшы мен Асық балалардың сүйікті кейіпкерлеріне айналатынына сенімді.
"Қазақия" мультфильмі - анимациялық сериал. Қазіргі күні оның 4 сериясы түсірілді. Әрбір сериясы 7-8 минутқа созылатын мультфильмге 3 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Түсіріліміне жарты жылдай уақыт жұмсалған мультфильмнің басты кейіпкерлері Қамшы мен Асық түрлі оқиғаларды бастан кешеді.
"Қазақияда" кейіпкерлер қазақ фольклорыннан түрлі мақал-мәтелдерді де айтып отырады.
"Бізге батыстың дүниелерін қайталап не керегі бар? Бай тарихымыз бар, брендтеріміз жеткілікті. Ол туралы өскелең ұрпаққа айтып жеткізуіміз керек. "Қазақия" мультипликациялық фильмінің бас кейіпкерлері Асық пен Қамшы арқылы біз балаларымызға қазақ халқының салт-дәстүрлерінен хабар беруді мақсат тұттық", - дейді мультфильмнің режиссері Нұриддин Патеев.