Шымкентте Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады

"Дөңгелек үстелді өткізудегі басты мақсат республикамыздағы жалпы ұлтаралық қарым-қатынастардың қазіргі ахуалын сипаттайтын басты мәселелерді, атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ахуалды талқылауға саяды", -деп хабарлайды орталықтағылар.

"Альтернатива" орталығының ақпаратына сәйкес, дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде оған қатысушылардың ұлтаралық қарым-қатынастар саласында шиеленістерге жол бермеу және ахуалды жақсартуға қатысты тұжырымдары мен нұсқаулары дайындалуға тиіс.

Орталық пен "Нұр Отан" ХДП-ның Шымкент қалалық филиалы бірлесе ұйымдастырған дөңгелек үстелге ғылыми зерттеу институттары, сарапшылар қоғамдастығы, саяси партиялар, ұлттық-мәдени ұйымдар, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысады.