Шымкентте қазақ-түрік инвестициялық форумы өтуде

Кеше Шымкентте екі күндік қазақ-түрік инвестициялық бизнес -форумы басталып, оның жұмысына сексенге жуық адам қатысты. Олардың ішінде Түркияның Денизли қаласының өндірістік палатасы төрағасының орынбасары Исмаил Йлмаз бастаған делегация да бар, сондай-ақ мемлекеттік республикалық және аймақтық органдарының өкілдері, кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, 20 -дан аса қазақ бизнесмені де қатысуда.

Форум жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы ұйымдастырып отыр. Форумның мақсаты, Оңтүстік Қазақстан облысының "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерін жасап, түрік -қазақ кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

"АЭА дирекциясы "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақтың инвестициялық мүмкіндіктеріне байланысты тұсаукесерін жасап, оны жан -жақты насихаттау жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Биылғы жылы мысалы, Түрік Республикасында АЭА инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері өткізілді. Жұмыс сапары кезінде индустриалды аймақтардың, Бурсы мен Денизлидің сауда өндірістік палатасының жұмысы көрсетіліп, түріктердің тоқыма өнеркәсібінің кәсіпкерлерімен кездесулер өткізілді. Атап өту керек, көптеген кәсіпкерлер Қазақстанның тоқыма секторына инвестиция салуға мүдделілік танытты. Осыған орай бұл секторға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысы мен "Оңтүстік" АЭА барып, ондағы мүмкіндіктерді көріп қайтуға ниет танытты. Бірқатар компаниялар қазақ әріптестерімен бірлесе отырып инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді ", - деп хабарлады "Оңтүстік" АЭА директоры Сергей Цой.

Алайда инвестициялық форум аясы Оңтүстік Қазақстан облысының тұсаукесерімен шектелген жоқ. Форум жұмысына қатысқандар ҚР жеңіл өнеркәсібінің өндіріс орындары қауымдастығы басқармасының төрағасы Любовь Худованың жасаған баяндамасымен де танысты. Онда ол Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласының жағдайын баяндап берді.

Л. Худованың айтуынша, 56 кәсіпорын мен ұйым қауымдастық мүшесі болып отыр, соның ішінде 12-сі тоқыма, 3 мата тоқу, 23 тігін, 2 былғары-тері комбинаты, 9 аяқ- киім кәсіпорны, 2-уі бас киім тігу өндірісі, Алматы технологиялық университеті және басқа төрт ұйымы бар.

"Оңтүстік Қазақстан облысында мақта кластерінен басқа, Алматы және Алматы облысында Қарғалы шұға комбинатының базасында және Ақтөбенің жүн өңдеу фабрикасы базасында жүн кластері құрылуда. Жүн кластерін құру арқылы Қазақстанның бүкіл жүн өнеркәсібін қалпына келтіруге мүмкіндік туады. Сондай-ақ, Семейдің былғары-тері коминатының базасында балалардың тауарларын шығару кластері мен былғары аяқ-киім кластері құрылуда", - деп хабарлады Л. Худова.

ҚР жеңіл өнеркәсібінің өндіріс орындары қауымдастығы басқармасының төрағасы айтқанындай, барлық бағыттарда түрік кәсіпкерлерінің қатысуы дұрыс болар еді, өйткені олардың бұл салалар бойынша тәжірибелері мол.

Түркияның Денизли қаласының өндіріс палатасы төрағасының орынбасары Исмаил Йлмаз атап өткеніндей, ол инвестициялық форум жұмысының жемісті өтетініне және екі жақты байланыстардың нәтижесі ретінде бірлескен кәсіпорындардың құрылатынына сенім білдірді.

" Біздік пікірімізше, Қазақстан біздің рухымызға, мәдениетімізге жақын ел. Біз өзімізді үйде жүргендей сезінеміз".

Бүгін форум жұмысына қатысушылар "Оңтүстік" АЭА барып, Шымкенттің бірқатар өндіріс орындарымен танысып қайтады.