Шымкентте «Қазком» филиалының бұрынғы басшысы қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағанындай, ҚР Жоғары Сотының қаулысымен Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотының, аппеляциялық және кассациялық сотының оны ақтау жөніндегі шешімдері алынып тасталды. Бұның алдында олардың барлығы экс-банкир алаяқтық жасаған жоқ деген себеппен оны ақтау жөнінде шешім шағарған болатын. Дегенмен, тергеу материалдарында анықталғанындай, ол 2006-2007 жылдар аралығында несиелер беріп, кейін оның қайтарылмағандығын анықтады. Осындай «қайтарымсыз» несиелердің жалпы сомасы 800 млн. теңгеден асып жығылған.


Осыған орай, прокуратура ҚР Жоғары Сотына жүгінеді. Ол өз кезегінде қылмыстық істі аппеляциялық сотқа қайта жолдады, бірақ қылмыстың өзге құрамы бойынша. Нәтижесінде сот аудандық соттың шешімін алып тастап, оны 220 бап бойынша кінәлі деп тапты. Сот оған қатысты 3 жыл колонияда бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда қылмыстың уақыты өтіп кеткендіктен, Алмабек Пірімбаев жазаны өтемейтін болады.