Шымкентте қоғамдық көлікпен қатынау өте қауіпті


Қазыбек Қоштаев, қоғамдық бірлестік төрағасы:

-Маршруттардың жол жүру ара қашықтығын, уақытын сұрадық халықтан жүріп, тұтынушылардан. Аялдамадан  тоқтап сіз қалай қанағаттанасызба деген уақытта біздерде 90 пайызы жоқ деп жауап берді. Ешқайсысы уақытында келмейді, ең кемі 30 минут 20 минут дейді. Соны 7-8 минут қылса.

Жүргізушілермен, қоғамдық бірлестіктер проблеманы талқылау үшін тілшілермен бірге бас қосқан еді. Бірақ, өздеріне тағылған сансыз айыпқа шопырлар жағы жарылардай болды. Олар «қоғамдық бірлестіктер сынауды ғана біледі. Ал, автобус жүргізушілерінің жайын жете түсінген ешқайсысы жоқ» дейді. Бензиннің қымбаттығын қоспағанда, өздерінің қалт-құлт етіп нан тауып жүргендерін, жүйкеге тиетін жолдағы кептеліс тағы барын айтады. Мұндай жағдайда жұмыс істегісі келмейтінін алға тартқан олар тездетіп жол құнын көтеру керектігін ұсынуда. Қысқасы, қоғамдық көліктердің түйткілдерін талқыға салу үшін жиылған екі тарап бұл жолы да бірін-бірі түсіне алмай тарқасты.