Шымкентте қуаты 2 балл жер асты дүмпулері сезілді

"Қаладағы жер асты дүмпулері 6 қыркүйекте сағат 11.51-де сезілді. Ташкенттегі Орталық сейсмикалық обсерваторияның мәліметінше, сілкініс ошағы Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым жерде Ауғанстан аумағында, Гиндикуш қыстағының маңында тіркелген", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шымкентте құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ.