Шымкентте құйын зардаптары жойылуда

Найзағайлы құйын Шымкентте 18-маусымда соқты. Дауыл салдарынан электр жалғастыру желілеріне ақау келді. Жалпы алғанда кезекші қызметтерге сенбі күні жарықсыз қалу туралы 388 хабарлама келіп түскен.

Құйын зардаптарын жоюға 13 бригада атсалысты. Желі үзілу оқиғасы 87 мәрте тіркелді. Энергетиктер үзілген сымдарды жинап, коммуникацияларды қалпына келтірді.
Сымдарды жалғау жұмыстары сенбі, жексенбі күндері жалғасты. Қалпына келтіру жұмыстары бүгін аяқталады. Құйыннан құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.