Шымкентте құтқарушылар бөлтірік ұстап алды

"Кеше кешкі сағат 8-де 18-ші ықшам аудандағы №41 мектептің стадионында бөлтірік жүгіріп жүргені жөнінде ақпарат келіп түсті. Оны ұстап беруді сұрады", -дейді баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнына айрықша құтқару отрядының апаттан құтқару бригадасы келіп жетті. Құтқарушылар арнайы арқанмен шалма салу арқылы бөлтірікті ұстап алды. Аң қазір отрядта.