«Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласында қылмыстық топтың 22 жастағы екі мүшесін ұстады. Оларды тінту кезінде оқ-дәрісімен бірге 12 калибрлі 2 шолақ мылтық, «Ф-1» гранатасы және 200 граммнан аса гашиш тәркілеп алды», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, ұсталғандардың екеуі де Кентау қаласының тұрғындары. Күдіктілер қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.