Шымкентте республика аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан азаматтары ұсталды

26 адам Шымкенттік кәсіпкердің саунасын салып жүрген. Ұсталғандардың жеке куәліктері болмай шыққан.

ІІББ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Өзбекстандықтар қабылдау-тарату мекемесіне қамалды. Тексеруден кейін олар отандарына кері қайтарылады.
Көршілес республикада болған лаңкестік әрекеттерге байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында төлқұжат тексеру тәртібі күшейтілді.