Шымкентте сабақ кезінде оқ атылып, бір оқушы жараланды

Калибрі 0,2 милиметрлік оқ терезе тұсында отырған оқушы қыздың қолын тиген. Қайта жарақат ауыр болған жоқ. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген қыз үйіне қайтарылды. Ал шошып қалған оқушылармен мектеп психологы жұмыс жүргізіп жатыр. Қаскөй әлі ұсталған жоқ. Оқ қарама-қарсы орналасқан көпқабатты үйден атылуы мүмкін делінсе де, күдіктілер қатарында мектеп бұзақылары да бар.

6 сынып оқушысы:

Кенеттен тарс еткен дауысты естіп шошып қалдық. Біреу партаны ұрып қалды ма деп те ойладық. Сөйтсек, терезе сынып жатыр. Ал, еденде темір оқтың жатқанын көрдік. Бәрінен де қолынан жарақат алған қызға обал болды.

Loading...