Шымкентте садақаға берілген етке талас-тартыс болды

Аймақтың жетешісі де бүгінгі ұлық мерекеден қалыс қалмады. Әкім де мешіт маңынан мал сатып алып, мұсылмандық міндетін өтеді. Негізінен қан шығару рәсімі арнайы  орындарда атқарылуы тиіс болатын. Алайда мешітті жағалайтын мұқтаж жандар көп болғандықтан, имамдар оның маңайында да  мал союға рұқсат берген. Шымкенттің әр мешіті осы жолы орта есеппен жүз шақты адамға ет үлестіріп, жүзден астам мал атапты. Жағдайы жоқ тұрғындардың арасында тіпті талас-тартыс та болған.  Алайда, оларды сабырға шақырған дін өкілдері бәрін бірдей жарылқауға тырысты.


Қазыбек Сұлтанұлы, Абдулхамид Қаттани мешітінің наиб-имамы:      

- Келген еттің барлығын осындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға түгел таратылады. Әрине, бұл жерде көп береміз деп айта алмаймыз. бес кило мен үш килоның аралығында. Үш килодан азы аз болады, бес килодан көп болса, жетпей қалуы мүмкін. Малдың үштен бір бөлігін кәдімгідей рет-ретімен бөліп береміз.