Шымкентте салынып жатқан ықшам ауданның көшелеріне бауырлас қалалардың атауы беріледі

Депутаттардың пікірінше, көшелерге қалалардың атауын беру осындағы ономастикалық картаны түрлендіріп, өзара түсіністік пен достықты нығайтуға септігін тигізбек.

Қазіргі жағдаймен Шымкенттің Стивенидж (Ұлыбритания), Измир (Түркия), Могилев (Беларусь), Красетто (Италия), Баинь (Қытай), Паттайя (Таиланд), Ходжент (Тәжікстан) сынды бауырлас қалалары бар.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Жолдасбек Күзеубаевтың хабарлауынша, бауырлас қалалардағы жергілікті билік қалалық мәслихаттың шешімінен хабардар болды. Бұған жауап ретінде бауырлас қалаларда да Шымкенттің атауы пайда болу мүмкіндігіне әкімнің орынбасары сенім білдірді.