Шымкентте Шәмші ескерткішінің жанында байқау өтуде

Аптасына екі рет, жұма және сенбі күндері Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің жанындағы ашық сахнада Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудандар арасында шығармашылық сайыс болады.

Байқау 1 шілдеге дейін жалғасады, содан кейін қазылар алқасы жеңімпазды анықтайды. Фестиваль жеңімпаздары гала-концертке қатысады.