Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол медициналық академияда оқыған.

"Ер адамның өлімі дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі – жүректің тоқтауы", – деп мәлімдеді Шымкент ПД.

Жігіттің денесі өзі тұратын пәтерден табылған.

Полиция департаментінің мәліметінше, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп қосты ведомство.