3 қаңтар күні поликлиника маңындағы шұңқырдан өлі еркектің денесі табылған. Ол 44 жастағы Шымкент тұрғыны болып шықты. Бірнеше жыл Швецияда тұрып, осында көшіп келген екен. Артынша еркекті ішімдікке мас болып отырған кезде өлтіргені белгілі болды. Полиция марқұмның денесінен бірнеше пышақ жарақатының табылғанын айтты.
“ОПШ нәтижесінде үш тәуліктің ішінде 1969 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Бұрын сотталмаған, қазір жұмыссыз. Күдікті еркекті ашу үстінде өлтіріп қойғанын айтқан. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс басталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол өзінің кінәсін толық мойындады”, – деп хабарлайды ақпарат және мемтіл басқармасының жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
Марқұмның денесін дәріхана сатушысы тапқан. Ол бірден полицияға хабарласқан.