Шымкенттегі базарлардың жағдайы кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевтің қатысуымен өткен қалалық әкімшіліктің жиналысында талқыланды.
К. Қадірбековтың сөзіне сүйенсек, тексерілген 69 базар мен сауда орындарының 52-сін жабу туралы сотқа шағым берілді. Сот тазалық, мал дәрігерлік және экологиялық нормаларды орындамағаны үшін 49 базардың жұмысын тоқтату туралы шешім шығарды. Базар иесі "Жамалбек қажыға" қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Әкім орынбасары қазіргі уақытта Шымкенттегі өзен, автовокзал, Жібек жолы даңғылы мен Республика даңғылының бойында орналасқан 47 базарды көшіру жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті. Бас жоспар бойынша қала шетіндегі "Еуразия", "Әсел","Жабық базары", "Бекжан" базарлары мен азық-түлік базары болып саналатын "Базар" АҚ қалдырылады. Қалған базарлар бұзылады, ал сатушылар қаланың кіреберісінде орналасатын үш үлкен жаңа базарға көшулері қажет.
Жиналыста базарларды көшіруге базар иелері тарапынан қарсы іс-әрекеттердің болатындығы да ескерілді. "Бүгін кейбір базаркомы әйелдерді айдап салып, басшыларға қарсы шығаруы мүмкін, сондықтан да халық билік басындағылардың саудамен айланысқандарға емес, заңға сәйкес тәртіпке бағынбаған базар иелеріне қарсы екендігін түсінулері қажет", - деді облыс бастығы Ө. Шүкеев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті