Шымкентте СҚО тұрғынын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген жеңгетай қолға түсті

Шымкенттегі пәтердердің бірінде жас әйелдің тұтқында болуы туралы полицейлерге жергілікті тұрғын хабарлады.

Жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде ОҚО ІІД ҰҚКБ қызметкерлері «Арлан» арнайы бөлімшесімен бірге Түлкібас ауданының 1982 жылғы тұрғынын ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, ол клиенттерге ақша үшін Солтүстік Қазақстан облысының тумасы болып табылатын 32 жастағы әйелді ұсынған.

Айғақ дәлел ретінде күдікті азаматшадан 2 500 теңге көлеміндегі ақша алынды. Қазіргі уақытта сексуалдық пайдалану мақсатымен заңсыз қамау фактісі тексерілуде. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 271 бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Жыл басынан бері ОҚО ІІД ҰҚКБ-ның қызметкерлері осыған ұқсас 40-тан астам фактіні анықтады, бір бойжеткен сексуалдық тұтқыннан босатылды.