Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Қыздар сәбиді 10 наурызда сағат 23:10-да Шымкенттің жедел жәрдем орталығына апарды. Ол кезде дәрігерлер нәрестенің жағдайын ауыр деп бағалап, оны жансақтау бөліміне жатқызды. Артынша баланы палатаға ауыстырды.
"Бала киімсіз болды, тек бір материалға оралған. Ол бір күн жансақтау бқлімінде жатты, қазір ол жалпы бөлімге ауыстырылды, жағдайы қанағаттанарлық. Балада ауытқулар жоқ, салмағы - 3200, бойы - 50 сантиметр. Тамақтануы жақсы. Нәресте ауруханада дүниеге келмеген деген болжам бар, себебі баланың туғанына бір күн ғана болған. Баланың туыстары немесе анасы ауруханаға әлі келген жоқ", - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.
Соталды тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.