"Жаңа жылдан бастап студенттерге жол жүру өтемақысы төленеді. Бұл мәселе шешілді, тиісті 129 млн теңге қаржы бөлінді", - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Қаржы облыстық бюджеттен қала бюджетіне аударылады. Ол ай сайын студенттердің жеке есепшотына ақшалай аударылып отырылады, деп хабарлады баспасөз қызметі. Өтемақы мөлшері белгіленіп жатыр.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, студенттер үшін жеңілдіктер былтырғы жылы енгізіліп, тек жарты жылға ғана ұзартылған болатын. Жол жүру жеңілдіктерінің алынып тасталғанына орай, жаңа оқу жылының басында студенттер наразылықтарын білдірген.