"Сағат 14:00-де апат реттелді, қазір жүйе суға толтырылуда", деп хабарлады жұмада "Водные ресурсы-маркетинг" ЖШС апат қызметінен.
Кезекшінің айтуынша, абоненттердің 70 пайызы су ала бастады.
Алдында хабарланғандай, өткен түнде Сайрам-Бадам бас тоғанында болған апат салдарынан қаланың бірнеше мың адамы сусыз қалған.
Шымкент халқының саны 500 мың адамнан асады.
Бұның лдында Шымкентте Сайрам-Бадам су бөгетінде апат болғаны хабарланған.
Апат салдарынан қаладағы Еңбекші ауданының тұрғындары ауыз сусыз қалған болатын.
«Соныен қатар, Химфарм және Бадам аудандарында да су жоқ», - делінген хабарламада.