Шымкентте суретші және зерттеуші Ғани Иляевқа мүсінтас орнатылды

Шымкенттік шеберлер Дәурен Әлдебеков пен Насыр Рүстемовтің эскизі негізінде қырғызстандық мүсінші Базарбек Сыдықов жасаған мыс мемориал кезінде Ғ.Иляев тұрған, қазір сол кісінің аты берілген көшеге орнатылды.

«Әкем Өзбекстандағы көркемсурет училищесін тәмамдаған соң, Ұлы Отан соғысына қатысты, кейіннен Әбілхан Қастеевтің ұсынысымен КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданды», - дейді суретшінің ұлы Сұлтан Иляев.

Кеңес жылдары Ғани Иляев қазақ халқының ою-өрнектерін жинақтаған және зерттеген. Ол кісінің жинағына осынау бірегей мәдени мұраның 5 мыңдай түрі кірген.

Ескерткіш Ғани Иляевтың туыстары мен достары жинаған қаражатқа орнатылып отыр.