Шымкентте табиғаттың тосын мінезінен тұрғындар зардап шекті


Демалыс күндері жойқын желден ағаштар белуардан сынып, кейбір жерлерде жарық сөнген. Қаланың қақ ортасында адам құлашы жетпейтін тал құлап, көшеде кетіп бара жатқан жеңіл көлікті басып қалған. Ауыр соққыдан жүргізуші есінен танып қалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметі алғашқы медициналық көмек көрсетті. Көлік тізгінінде отырған азаматша аман, денсаулығына қатты зақым келмеген. Ал оның көлігі мінуге жарамсыз болып қалды. Жүргізуші енді сақтандыру компаниясына шағымданбақ. Жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жеткен жел тағы көтерілуі мүмкін. Сондықтан төтенше жағдай қызметі халықты сақ болуға шақырады.