Шымкентте табылған тастанды нәрестенің жағдайы ауыр


Айта кетейік, сенбі күні жеке медициналық орталықтың күзетшісі қоқыс тастайтын жәшік пен банкоматтың арасынан жаңа туған сәбиді тауып алған болатын. Қансыраған сәбиді анасы босанған күйі тастап кеткен деген болжам жасалған-ды. Күзетшілер тез арада жедел жәрдем көлігін шақыртып, сәби перинаталдық орталыққа жеткізілген.