Шымкентте тағы бір анимациялық студия пайда болды

Анимациялық студияның директоры, бұрынғы ұстаз Әділхан Мұратовтың пайымдауынша, Қазақстандық балаларды мейірімділікке тәрбиелейтін қуыршақ фильмдер жеткіліксіз.

"Балалар кітапты аз оқитыны, бірақ қуыршық фильмдерді үлкен қызығушылықпен тамашалайтыны белгілі. Осы тұрғыда мультфильмдер арқылы рухани байлыққа, адалдық пен еңбексүйгіштікке баулу тиімді", - дейді ол.

Студия жуырда ғана құрылған, бірақ ол осы мерзімде төрт қысқа метражды сызба мультфильм шығарып үлгерді. Бір мультфильмді жасауға бір ай уақыт кетеді. Әзірге студия ақшадан тапшылық тартып отырғанымен, идея авторлары одан бас тартпаймыз дейді. Қызметкерлер сценарийлерді өздері жазып, бейнелерді дәйектеп, музыкасын өздері шығаруда.

Қазір студия ұжымы иен аралда қалып, тынымсыз еңбегінің арқасында қажеттің бәрін өз қолымен жасап алған еңбекқор құмырсқа туралы сериал түсіруде.

"Импульс kz" студиясының режиссері Қайрат Пашаровтың пайымдауынша, Қазақстандық бүлдіршіндерге шетелдік мультфильмдерден гөрі осындай төл туындылар қажет.

"Маған американдық мультфильмдер ұнамайды. Олардың мәні бөлек... Біздің балаларымызға олар психологиялық тұрғыдан сай келмейді".

Бұл Шымкенттегі осымен екінші анимациялық студия. Осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған бірінші "Жебе" студиясы анимация әлемінде біршама танылып қалды. Бұл студия Алдар Көсе туралы және "Қанатты барыс туралы аңыз" атты мультсериал түсірген.