Шымкентте тәуіпке көрсеткеннен кейін 11 айлық сәби көз жұмды

Мәлім болғандай, атасы көліктен түсе бере, көше бойында бала қалшылдап қоя берген. Жақын маңдағы дәріхана әкімшісінің айтуынша, қыз баланың аяқ-қолы тартылып, селкілдей бастаған. Фармацевтер балаға көмек көрсетіп, жедел жәрдемді шақырған. Алайда, олар келгенше сәби шетінеп кеткен.

Бала бұған дейін Арыста тұрып келген. Оның ата-анасы ажырасып кеткен, анасы Алматыда жұмыс істейтін көрінеді.


Алдын ала болжам бойынша, сәбидің тыныс жолдарында дерт болған.