Оның сөзіне сүйенсек, есірткі тасушыны гараждан шыға бергенде ұстаған. "ВАЗ-21010" автокөлігін тінту барысында жалпы салмағы 43 кг құрайтын героині бар 43 дорба салынған үш шаруашылық сөмкесі табылған. Машинада, сонымен қатар, есірткіні орауға қажетті, араб тіліндегі жазулары мен таңбалары бар матадан жасалған дорбалар, электрондық таразы, таза целлофан дорбалар, жапсырғыш пен басқа да заттар табылған.
Арнайы қызметтердің болжамы бойынша есірткілер Алматы мен Ресей қалаларына жөнелтілуге дайындалған.
Осы дерек бойынша ҚР ҰҚКД тергеу басқармасы ҚР ҚК 259-бабы 4-тармағының "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азамат тергеу абақтысына қамалды. Оның екі сыбайласына іздеу салынуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті